KZ
Өскемен
-27°
переменная облачность жел 2 м/с, С
510.43 594.86 6.49

Семейде 7 адам қар құрсауында қалды

1.01.2020, 10:56 372

Семей қаласының құтқарушылары мейрамның қарсаңында жолда қалған 7 адамды құтқарды, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Оқиға 30 желтоқсанда болған. Төтенше жағдай қызметіне сағат түнгі 1:59-де Семей-Қарауыл тас жолының 19 шақырымында қар құрсауынан шыға алмай қалған жолаушылар туралы хабар түседі.

"Берекеш" шаруа қожалығынан шыққан "Тойота Ленд Крузер" маркалы автокөлігі шамамен тас жолдан 3 шақырымдай жерде қар құрсауында қалып қойған. Көлікте 7 адам отырыпты. 

Құтқару шарасына Семейден 1 техника мен жеке құрамнан 4 адам жіберілді. Көлік Балта-Тарақ ауылының маңындағы жазық даладан табылды.

Құтқарушылар автокөлікті қар құрсауынан босатып, жолаушыларды Семей қаласына жеткізді.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу