«№8а автобусы енді жүрмейді». Неге?
Иә, 23 желтоқсаннан бастап «№8а автобусы өз жұмысын тоқтатты. Алайда шаһар тұрғындары бұл шешіммен келіскілері келмей отыр.
Естеріңізде болса, осыдан бірер күн бұрын «Тәжірибе алаңы» (Опытное поле) ауданының тұрғындары бұл мәселені әлеуметтік желіде көтеріп, қызу талқыға түскен болатын. Мәселені біз де жазғанбыз. Қақаған аязда сағаттап аялдамада тұратын жолушылар, «45 минут күткен автобустың өзіне сыймай қалдық» деп әлеуметтік желіге сурет жүктеген. Алайда «№8а автобусының не үшін тоқтағаны өскемендіктерге белгісіз. Осы сұрақтың жауабын білу үшін қалалық әкімдікке хабарласқан едік.
- Жолаушыларды тасымалдау компаниясы мен қалалық ТҮКШ бөлімінің келісімімен №8а автобусы тоқтады. Өйткені бұл маршрут № 8 маршрутқа қосымша ретінде жүретін. Жолаушылардың аздығы маршруттың рентабельділігін қамтамасыз ете алмады. Сондықтан екі маршруттың бірін қалдыруды жөн деп шештік. Тұрғындарға ыңғайлы болуы үшін № 8 автобус енді «Казцинк» аялдамасына тоқтайды, - дейді қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі.