KZ
Өскемен
-2°
облачно с прояснениями жел 2 м/с, СШ
494.84 537.4 5.58

Өскеменде жаңа қысқы маусым ашылды

13.12.2019, 10:29 131

Бүгін Өскеменнің "Самал" саябағында қысқы маусымның ашылу салтанаты өтті.  Маусымның ашылуына орай колледждер мен университеттердің студенттері арасында шаңғы тебуден қалалық чемпионат ұйымдастырылып отыр, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

 "Шаңғы алаңы шақырады-2019" атты спорт додасына 150-ден астам адам қатысты.

Жарыс Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орайластырылып өткізілгенін айта кеткен жөн.  

Сынға түсем деп келгендердің біразы шаңғы тебу спортымен бұрыннан айналысып жүргендер қатарынан болмаса да, осы сайыста бар күштерін салып отыр. Тіпті, солардың ішінен топ жарып шығып, жүлделі орынды иеленгендер де жоқ емес.

Қатысушылар стартқа үш топқа бөлініп шықты: қыздар командасы, колледж студенттері және университет студенттері.

Чемпионат нәтижесіне келетін болсақ,  қыздар арасында 1-ші орынды ШҚМУ студенті Дина Тузган иеленсе, 2-ші және 3-ші орын Валентина Дедюхина мен Галина Ляпуноваға бұйырды.

Колледж студенттері арасында Мырзагелді Каусов жеңіске жетсе, 2-ші және 3-ші орынды Ақжол Ербай мен Станислав Салабаев қанжығасына байлады.

Университет студенттерінің арасында өткен жарыста Равиль Такенов топ жарды. Юрий Малышев – 2-ші орынды, Ардақ Серікбол 3-ші орынды иеленді.

Жүлделі орындардан бөлек жақсы нәтиже көрсеткен бірқатар қатысушылар да қосымша номинациялар бойынша марапатталды.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу