ШҚО-да қыздар арасында футболдан өткен турнир өз мәресіне жетті
Семейде мектеп жасындағы қыздар арасында өткен республикалық «Былғары доп – 2019» турнирі аяқталды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Республика деңгейінде өткен футболға еліміздің 7 өңірінен қатысушылар бақтарын сынады.
Бір аптаға жуық өткен ойында Жамбылдың қыздары алға шығып, бас жүлдемен қайтты. Екінші орын Түркістаннан келген топқа бұйырса, жүлделі үшінші орынды Ұланның қыздары қанжығалады.