KZ
Өскемен
+13°
облачно с прояснениями жел 2 м/с, СШ
441.66 475.14 4.86

Ұлан ауданының әкімі ауылдарды аралады (Фоторепортаж)

25.11.2019, 04:03 160

Кеше Ұлан ауданының әкімі Нұрымбет Сақтағанов ауылдық округтерді аралады, деп хабарлайды Аltaynews тілшісі.

Бұл туралы аудан әкімі әлеуметтік желідегі ресми парақшасында мәлімдеді.

Аудан басшысы Егінсу, Айыртау және Алмасай ауылдық округтерінде ауыл активімен кездесіп, атқарылған жұмыс қорытындысы мен алдағы жылдарға жасалған жоспарлар талқыланды.

Аудандағы әр ауылдың күн тәртібіндегі басты мәселелер - электрмен, ауыз сумен жабдықтау, жол және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласы бойынша сауалдар қаралды. Бұл проблемалардың барлығы біртіндеп өз шешімін табуда. Екі ауылда су құбыры желілерінің құрылысы басталып, тағы төрт ауыл бойынша құжаттама дайындалған екен. Халық саны аз ауылдар да басшылықтың назарынан тыс қалмады. Мұндай елді мекендерде блокты модульдік станциялар салынып жатыр.

Әкімнің жұмыс сапары бұдан кейін Огневка, Асубұлақ және Тарғын елді мекендерінде жалғасты. Нқрымбет Сақтағанов сапар барысында ауыл тұрғындарымен кездесіп, бірқатар мәселелермен танысып отыр. Аталған ауылдардағы көпірлердің жағдайы мен Асубұлақ кентіндегі аурухананың кадрлық мәселелері бақылауға алынды.

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив