Германия елшісі Семейде
Германияның Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі Тило Клиннер бастаған делегация Семейде жүр, деп хабарлайды Аltaynews тілшісі.
Кездесуде қос тарап ынтымақтастық жайын талқылады.
- Бұл менің Семейге алғаш рет келуім. Семейдің даму жоспарымен танысып, таңқалдым. Біздің мұнда келуіміздің басты себебі, экономикалық ынтымақтастық орнату, - деді Тило Клиннер.
Қала әкімінің орынбасары Айдар Садырбаев елшінің шаһардағы бірқатар өндірістік нысанды аралағанын атап өтті. Елші алдағы уақытта бірлесіп жұмыс атқаратындарына сенім білдірді.
Оқи отырыңыз