"31767" әскери бөлімі көпбалалы отбасынан шыққан оқушыға киім алып берді - Семей
"31767" әскери бөлімі көпбалалы отбасынан шыққан оқушыға киім алып берді, деп хабарлайды Аltaynews тілшісі.
Елбасы Н.Назарбаевтың 2018 жылдың қазан айындағы Жолдауында мектептерде «Жас сарбаз» сыныптарын ашу туралы айтылған болатын. Осы бағдарлама негізінде Пригород орта мектебінде арнаулы кадет сыныптары ашылған болатын. «Жас сарбаздар» сыныбындағы оқушыларға арнайы киімді ата-аналары алған. Ал, көпбалалы отбасынан шыққан оқушылар үшін киімнің бағасы арзанға түспейтіні анық. Осыған байланысты «31767» әскери бөлімі көпбалалы отбасынан шыққан оқушыға арнайы форма алып берді. Әскери бөлімнің командирі, подполковник Айбол Жусупов мектепке келіп жас сарбазға киімін табыстады. Пригород орта мектебінің директоры Дулат Баитунов өз кезегінде әскери бөлімнің басшысына алғыс хат табыстады.