Семейдегі Пригород орта мектебінің жас сарбаздары ант қабылдады
Семейдегі Пригород орта мектебінің жас сарбаздары ант қабылдады, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Естеріңізде болса, Тұңғыш Президент Н.Назарбаевтың 2018 жылдың қазан айындағы Жолдауында мектептерде «Жас сарбаз» сыныптарын ашу туралы айтылған болатын. Осы бағдарлама негізінде Пригород орта мектебінің директоры Дулат Баитунов пен алғашқы әскери дайындық мұғалімі Бекболат Сәрсенбин кадет сыныбын ашуға мұрындық болған.
Тұңғыш Президент күні қарсаңында жас сарбаздардың ант қабылдау рәсімі өтті.Салтанатты шараға шаһардағы әскери бөлім басшылары мен ұстаздар және ата-аналар жиналды.
- Балаларымыздың сарбаз болып жүргені бізге қуаныш сыйлайды. Бүгін міне куәлік алып жатырмыз. «Жас сарбаз» сыныбының арқасында рухы биік жастар өсіп келе жатыр, - дейді жас сарбаздың ата-анасы Ғалия Жақыпова.