10 және одан да көп картасы бар клиенттерге тексеру күшейтілмек
pexels.com
Қаржылық мониторинг агенттігі «дроп-карталар» арқылы 24 млрд теңгенің заңсыз айналымы анықталғанын мәлімдеді. Мұндай схемалар көбіне есірткі саудасы, кибералаяқтық және заңсыз құмар ойындарға байланысты болған. Қылмыскерлер осал топтағы азаматтарды пайдаланып, олардың банктік карталары мен SIM-карталарын рәсімдеген,- деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Бір клиентке 10 немесе одан көп картасы бар жағдайларда тексерістер күшейтілді. Сонымен қатар, банктік карталарды үшінші тұлғаларға беру үшін жауапкершілік арттырылып, күдікті шоттарды бұғаттау тетіктері енгізілді.
Агенттік азаматтарды күмәнді қаржылық операциялардан сақ болуға және мұндай жағдайлар орын алғанда құқық қорғау органдарына хабарласуға шақырады.