KZ
Өскемен
-9°
туман жел 1 м/с, СБ
530.12 546.08 5.17

Семейде жедел жәрдем көлігі қағып кеткен зейнеткер көз жұмды

21.10.2019, 10:59 191

Семейде жедел жәрдем көлігі қағып кеткен зейнеткер көз жұмды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Қайғылы оқиға 20-шы қазан күні сағат 18:25 шамасында Бозтаев көшесінің бойында болған. Жедел жәрдем қызметіндегілердің айтуынша, ол уақытта көлікте сырқат адам болған. Алайда, көліктің шамдары қосылып тұрғанымен, дауысы өшіп жатыпты.

–      1944 жылғы зейнеткер жаяу жүргіншілерге арналмаған жерден жолды кесіп өтпек болған сол уақытта жедел жәрдем көлігі қағып кеткен,  -  дейді полиция қызметкерлері.

Түрлі жарақат алған зейнеткер араға бір сағат салып көз жұмыпты.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу