KZ
Өскемен
+19°
переменная облачность жел 3 м/с, З
443.44 480.51 4.88

Глубокое ауданы алдыңғы орында тұр

16.10.2019, 12:06 169

Бүгін облыс басшысы Даниал Ахметовтың төрағалығымен өткен отырыста «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасының аймақта іске асырылуы талқыланды. Атқарылған жұмыстар бойынша Даниал Ахметов оң бағасын беріп отыр, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасының басшысы Ержан Шормановтың айтуынша, бағдарлама аясында барлығы 1123 несиенің субсидияланған. Берілген субсидияның жапы сомасы - 14 миллиард теңге. Сондай-ақ, осы жылы 100 жобаның несиесіне 1 миллиард теңге субсидия бөлініпті.

Несиесі субсидияланған жобалардың саны бойынша Өскемен, Семей, Риддер қалалары мен Глубокое және Алтай аудандары алдыңғы орында тұр. Алайда екі ірі қала Өскемен мен Семейдің көрсеткіштерінің арасында айтарлықтай алшақтық бар екен.

– Өскеменде 416 жоба субсидияланып, 157 жоба кепілдендірілген. Ал Семейдегі аталмыш көрсеткіштер тиісінше – 254 пен 106. Алшақтық анық байқалып тұр емес пе? Сол себепті кәсіпкерлік саласына қарқын беру, жобаларды қаржылай қолдау ісіне назар аударуларыңызды талап етемін, – деді Даниал Ахметов.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив