KZ
Өскемен
+13°
небольшая облачность жел 3 м/с, В
479.05 534.57 5.17

«465 миллионды не үшін бөліп отырмыз?» - Даниал Ахметов

17.10.2019, 09:48 145

ШҚО әкімдігінде өткен отырыста «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасының іске асырылуы талқыланды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Жиында Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы басшысының орынбасары Алма Қайраханова облыстағы мемлекеттен қолдау тапқан жобалар бойынша баяндама жасаған еді. Олардың ішінде Аягөз ауданындағы 1400 бас ұсақ малға арналған бордақылау цехы бар. Инфрақұрылым желілерін тарту үшін 465 миллион теңге бөлініпті. Осы ретте аймақ басшысы аталмыш жобаның нақты құны қанша екенін сұрады.

Алайда бұл сауалға Аягөз ауданының әкімі Ділдәбек Оразбаев та, басқарма басшылары да нақты жауап бере алмады.

– Жобаның құны қанша екенін білмейсіздер. Не үшін біз 465 миллион теңге қаржы бөліп отырғанымызды білуіміз керек қой. Осы мәселені тереңірек зерттеу керек деп санаймын, – деп тапсырды Даниал Ахметов.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив