ШҚО аудандарының тағы бірінде бассейн салынады
Күршімде бассейн салынады. Бұл туралы аудан әкімі Дулат Қажановтың қатысуымен өткен баспасөз жиынында айтылды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
– Бассейннің жобалық-сметалық құжаты жасалды. Жалпы 523 миллион қаражатты қажет етеді. «Ауыл – ел бесігі» атты бағдарламаның аясында жасалып жатқан бұл жұмысқа биыл 200 миллин теңге бөлінді. Қалғаны келесі жылы қарастырылмақ. Қазіргі уақытта құрылыс материалдары алынып жатыр, – деді аудан әкімі Дулат Қажанов.
Оның сөзінше, «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы ауыл емес, негізінен аудан орталықтарында жасалатын жұмыстарға арналған.
Оқи отырыңыз