KZ
Өскемен
-2°
плотный туман жел 2 м/с, С
478.96 533.03 5.22

Күршімнің мектептері апаттық жағдайда

8.10.2019, 09:12 119

 

Күршім ауданындағы Ұранхай ауылына мектеп салынады. Бұл туралы аудан әкімі Дулат Қажановтың қатысуымен өткен баспасөз жиынында айтылды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Әкімнің айтуынша, аудандағы ең ескі мектеп Ұранхайда. Ағаштан салынған бұл мектеп апаттық жағдайда.

– 80 орынға арналған мектеп салу бойынша жобалық-сметалық құжат әзірленуде. Келесі жылы облыс бюджетінен осыған қаржы сұралады, – деді аудан әкімі Дулат Қажанов.

Ал ауданда балалары жаңа мектепте оқуды армандайтын тағы бір ауыл бар. Жолнұсқау деп аталатын ол ауылдың да мектебі ескірген. 2014 жылы апаттық жағдайда деп танылған білім ошағында биыл 51 бала оқып жатқаны «Дидар» газетінде жазылып еді. Осы мәселеге аудан әкімі жауап берді.

– Бұл – тіреуде тұрған мектеп. Жағдайымен таныспын. Ондағы жағдайды алдағы уақытта қарастырып, экономикалық тұрғыдан тиімділігін анықтаймыз. Барлығы заңдылыққа сай келіп жатса, ол жерге де мектеп салу ойда бар, – дейді әкім.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив