АҚШ доллары абсолютті рекорд орнатты
АҚШ долларының теңгеге шаққандағы бағамы абсолютті рекорд орнатты, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Таңертеңгілік сессия қорытындысы бойынша, бір доллар құны 389,24 теңгені құрады. Яғни ұлттық валюта тағы да 0,48 теңгеге төмендеді. Осылайша KASE сауда-саттығында жаңа абсолютті рекорд тіркелді.
Сондай-ақ ақша айырбастау пунктерінде клиенттер долларды 388,5-389,5 теңгеден сатып алып, 390-391 теңгеден сатауда.
Оқи отырыңыз