"Асфальт ылғалданған" Астанадан келіп Ахмердің жолын тексерді
Өскемендегі жаңа салынған жолды Астанадан келіп тексерді, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Жаңа Ахмер кентінің маңындағы жөнделген 3,700 шақырым жолды «Ұлттық жол активтері сапасы орталығының» мамандары мен қоғам белсенділері тексерді.
– Жол біркелкі емес, кей жерлерді нығыздау керек, кейбір тұсы ойыла бастапты. Сондай-ақ асфальт ылғалданған екен. Бұл тасжол биыл және келесі жылға шыдап береді. Одан арғысы беймәлім, – деген аталмыш орталықтың бас директоры Замир Сағынов мердігерлерге кем-кетіктерді жөндеу керегін айтты.
Оқи отырыңыз