KZ
Өскемен
-1°
снег жел 5 м/с, В
522.38 612.6 6.54

Ұлан ауданы, Манат ауылының маңынан өрт шықты

24.09.2019, 06:24 1 419

Шығыс Қазақстанның Ұлан ауданына қарасты Манат ауылында 300 гектар алқаптағы құрғақ шөп отқа оранды.

Төтенше жағдайлар комитетінің дерегіне қарағанда, даладағы өртті ауыздықтауға 37 адам мен 7 техника жұмылдырылған.

«Табиғи сипаттағы өрт Манат ауылынан 5 шақырым жердегі Көкбұқа деген уческеде тұтанды. Төтенше жағдай туралы мәлімет өртке қарсы қызметке дүйсенбі күні кешкі сағат 18.20-да түскен. Өрт сөндірушілерге қосымша көмек ретінде облыстық төтенше жағдайлар департаменті мен «Әуе орман күзеті» мемлекеттік мекемесінің мамандары аттанды. Өрттің болжамды аумағы – 300 гектар», – делінген комитеттің баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу