KZ
Өскемен
-20°
плотный туман жел 1 м/с, В
498.75 523.09 5.46

Өскеменнің қоқыс полигоны Ұлан ауданына көшіріле ме?

9.09.2019, 09:56 304

 

Өскемен мен Семейдің тұрмыстық қатты қалдықтар полигоны қай жерде ашылатыны белгілі болды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі. Бұл туралы облыс әкімі Даниал Ахметовтың төрағалығымен өткен кеңейтілген аппарат отырысында «ШҚО бойынша мемлекеттік-жеке меншік әріптестік» аймақтық орталығының басқарма төрағасы Шәкәрім Бұқтығұтов айтты.

Айтуынша, Өскеменнің полигоны Ұлан ауданы Алмасай ауылына қарасты аумақта болады. Оның көлемі 40 гектар. Ал Семейдің қоқыс алаңы Приречное ауылының маңында, бұрынғы полигоннан 7 шақырым қашық жерде ашылады.

– Бюджеттен бөлінетін қаражат шектеулі болғандықтан, өңірдегі инфрақұрылымдық жобаларды іске асыруда халықаралық қаржылық институттардың көмегі мол. Солардың бірі – Еуропалық қайта құру және даму банкі. Олардың қолдауымен алдағы уақытта тағы да бірнеше жобаларды іске асыратын боламыз, – деді Шәкәрім Бұқтығұтов.

Ол атаған жобалар легі мынадай:

1.    «Семей қаласының жылу жүйлерін жаңарту»;

2.    «Өскемен қаласының жылу жүйлерін жаңарту»;

3.    «Семей су тарту және су жүйелерін жаңарту»;

4.    «Өскемен су тарту және су жүйелерін жаңарту»;

5.    «Өскемен мен Семей көшелерін жарықтандыру»;

6.    «Аудан орталықтарының көшелерін жарықтандыру»;

7.    «Өскемен мен Семейдегі тұрмыстық қатты қалдықтар полигонының жұмысын жақсарту».

– Несиелік келісім жұмыстары жыл аяғына дейін аяқталады. Жалпы осы бағытта өңірде 102 жобаға 302,5 млрд. теңге қаражат тартылды, – деді Шәкәрім Бұқтығұтов.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу