С.Аманжолов атындағы ШҚМУ-дың 26 студенті шетелде білім алмақшы
ШҚМУ-дың 26 студенті жаңа оқу жылында академиялық ұтқырлық шеңберінде шетелге білім алуға кетеді, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
ҚР Білім және ғылым министрлігі жаңа оқу жылында шетелдік ЖОО-ларда білім алуға 16 грант бөлді.
Студенттер АҚШ, Еуропа, Оңтүстік-Шығыс Азия сонымен қатар Ресей, Еуропа, Қытай елдерінде білім алуға ниет білдірді.
Осылайша, Әлімжан Дайырбаев Туризм және қонақ үй ісі академиясына (Польша), Екатерина Лачкова ЛТУ-не (Польша), Шынар Тустубаева Адам Мицкевич университетіне (Польша), Артем Десяк Вроцлав университетіне (Польша), Тамерлан Өмірзақов Ұлы Витаутас университетіне (Литва), Айгерім Тайшыман Лимкоквинг университетіне (Малайзия), Тамерлан Теміртаев Теннеси Технологиялық университетіне (АҚШ) және т.б. оқуға аттанады.
Оқытушылар мен студенттерді академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша шетелде оқыту, серіктес университет және халықаралық стипендиялық Erasmus+, ДААД, ITEC, MEVLANA, Goethe-Institute бағдарламалары арқылы іске асырылуда.