"17 тамыздан бастайық!" – "Атамекен" кәсіпкерлер палатасы
17 тамызда Өскеменде жас кәсіпкерлер мен кәсіппен айналысуға ниетті адамдарға арналған форум өтеді. «Баста» атты бұл форумды «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатаы ұйымдастырып отыр, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Шараның өтетін орыны: О.Бөкей атындағы қалалық кітапхана (Славский жағалауы көшесі, 22).
Ұйымдастырушылар сөзінше, мұндай форумдар Өскеменмен қатар елдің басқа да қалаларында өтіп жатыр.
– Форумда ірі бизнесмендер мен қоғам белсенділері өздерінің тәжірибелерімен бөліседі. Шара барысында идея табу және оны сараптау, мемлекеттен жәрдем алу, жетістікке жету үшін адамның ортада өзін ұстау мәдениеті жайында сөз қозғалады, – деді ұйымдастырушылар.
Шараға қатысу үшін сол күні сағат: 9:30-да тіркелу керек. Не болмаса, 8-705-510-39-10, 8-705-461-08-66 байланыс телефондарына хаьарласып, алдын ала жазылуға болады.