KZ
Өскемен
небольшой снег жел 5 м/с, В
529.99 546.63 5.21

Семейде ПИК басшылығы мен тұрғындар неге келісе алмай жүр? (ВИДЕО)

6.08.2019, 10:34 116

Семейліктер Пәтер иелерінің кооперативіне наразылықтарын айтты, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

- 342-ші кварталдағы 14 үйде тұрамыз. Тұрып жатқан 3-ші подъездің сиқы мынау. Неге біз мұндай жағдайда өмір сүру керекпіз? КСК жөндеу жұмысын жасаймыз деп әр жыл сайын уаде береді.  Ал осы жылы, тіпті, бас тартып отыр, – дейді бейнежазба авторы Айя Елжан.

Айтпақшы бейнежазбаға назар аударсақ, электр жүйесінің қалқаны (щит) мүлдем аянышты жағдайда екенін байқауға болады. Алайда ШҚ АЭК бар жұмысты пәтер иелерінің комитетіне сілтеп отыр екен.

Осы сұрақ бойынша ПИК (КСК) басшылығына хабарласқан едік.

– Жалпы біз жөндеу жұмыстарын 4 жылда бір жасаймыз. Аталған подъезде расымен де жөндеу жұмыстары жылдар бойы жүргізілмеген. Неге десеңіздер, 3 подъезд бізге 240 мың теңге қарыз. Тұрғындармен кездесіп, қарыз төленген күннен-ақ жөндеуді бастаймыз дегенмін, алайда ешкім де келген жоқ. 342 квартал біздің ұйымға 3,5 миллион теңге қарыз болған. 2 жылда, әйтеуір, азайттық. Бірақ төлегісі келмейтіндердің бұлай арыздануы мүлдем ақылға  сыймайтын дүние дейді, - бұл үйге жауапты ПИК-тің басқарушы міндетін атқарып жүрген Әсия Тоқтасынқызы.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу