Өскеменнің іргесіндегі ауылда ауыз су жоқ
Өскеменнің іргесіндегі Нұрлы көш ауылының тұрғындарына ауыз су жетіспейді, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Бұл туралы Yk.kz жазды.
Дереккөздің ақпараты бойынша, қала билігіне арыз-шағымын айтып, жеткізе алмай жүргендердің бірі – Данияр Жангудиев. Нұрлы көш тұрғынының сөзіне қарағанда, ауылда суық су ұдайы тоқтап қалады. Бар болған күннің өзінде сыздықтатып ғана беретіндіктен, жуыну мүмкін емес көрінеді.
– Біз бұл мәселе туралы білеміз және барлық мүмкіндікті қарастырып жатырмыз. Қазіргі уақытта «Өскемен Водоканал» бұл мәселені түбегейлі шешуге тырысуда, – деп жауап берді қалалық әкімдік.
Шаһар билігінің айтуына қарағанда, Нұрлы көште 17 үй кірпіш дайындаумен айналысады. Барлық суық суды солар алып отыр дейді билік өкілдері.