KZ
Өскемен
+4°
пасмурно жел 1 м/с, С
478.54 533.76 5.17

Ұлыбританияда ұлулар арасында әлем чемпионаты өтті

24.07.2019, 04:21 103

Ұлыбританияның Норфолк графтығында ұлулар арасында әлем чемпионаты өтті, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі «Хабар 24»-ке сілтеме жасап.

Қысқаша айта кетсек, бұл жарыс өткен ғасырдың ортасынан бері британ өркениетімен бірге жасап келеді. Әрбірден кейін чемпионатқа жүзден жүйрік деген ұлулар қатысады. Сайыс ережесіне сай спортшы ұлулар жарыса жер бауырлап, қызыл сызыққа бірінші болып жетуі керек. Сырғанауға ыңғайлы болуы үшін матадан тігілген төсеніш жайылып, үстіне су себіледі.

Биылғы әлемдік додада 250 бақ сынасты. Әлемдегі ең баяу қимылдайтын жәндіктер арасындағы жарыс Сэмми есімді ұлудың жеңісімен аяқталды. Чемпион ұлу мәреге 2 минут 28 секундта жеткен екен.

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив