KZ
Өскемен
+22°
облачно с прояснениями жел 4 м/с, В
444.14 477.05 4.85

Аудан әкімдері жаңа дәрежеге ие болды

19.07.2019, 06:12 72

Еліміздің президенті Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік саяси және әкімшілік қызметшілер лауазымдарының тізіліміне өзгерістер енгізді, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

Мемлекет басшысының бұл туралы жарлығы нормативтік құқықтық актілердің ақпараттық-құқықтық жүйесінің сайтында жарияланды.

Саяси мемлекеттік лауазымдардың тізіміне облыстық маңызы бар қала әкімдері, облыс аудандарының және қалалардағы аудан әкімдері қосылды.

Осыған дейін бұл әкімдер әкімшілік мемлекеттік лауазымның "А" корпусының 4-санатына жатқызылатын.

Айта кетсек, саяси мемлекеттік лауазымдардың тізіміне: премьер-министр, оның орынбасарлары, Президент Әкімшілігінің басшысы және оның орынбасарлары, Тұңғыш Президенттің Кеңсесінің басшысы және оның орынбасары, Президенттің көмекшілері мен кеңесшілері, елшілер, Конституциялық Кеңестің басшысы мен мүшелері, Орталық сайлау комиссиясының мүшелері, министрлері және басқа да қызметкерлері кіреді.

Мемлекеттік саяси және әкімшілік қызметшілер лауазымдарының толық тізілімімен ресми сайтта танысуға болады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив