KZ
Өскемен
+8°
ясно жел 2 м/с, В
443.03 480.38 4.91

Қазақстанда коронавируспен күрес үшін медаль беріледі

20.05.2020, 05:01 112

Коронавирус инфекциясымен күресте ерекше көзше түскен Қазақстан азаматтары марапатталатын болды, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Бұл туралы ашық үкіметтің электронды порталына жүктелген ҚР Президенті Жарлығының жобасынан белгілі болып отыр.

Жоба мәтінінде "Халық алғысы" медалі тағайындалсын делінген.

Марапатқа ұсыныстарды ҚР Президентіне Парламент Палаталары, Үкімет, Конституциялық Кеңес, Жоғарғы Сот, министрліктер, басқа да орталық мемлекеттік органдар, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалалары мен облыс әкімдері, сондай-ақ, қоғамдық бірлестіктер енгізе алады.

Медальды мемлекет басшысы тапсырады. Сонымен қатар, президенттің атынан және оның тапсырмасы бойынша мемлекеттік хатшы қала мен облыс әкімдері, мемлекет басшысы уәкілеттік берген лауазымды адамдар тапсыра алады.

Жарлық жобасы ағымдағы жылдың 1 маусымына дейін әлі де талқыланады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив