KZ
Өскемен
+8°
облачно с прояснениями жел 2 м/с, Ю
488.91 532.62 5

"91 адам айықтыру орталығына жеткізілді" – "Самал" саябағы

19.07.2019, 03:48 77

Өскемендегі жаңа ашылған Самал саябағында 300-дей тәртіпбұзушылық тіркелді, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Анықтап айтар болсақ, 91 – адам медициналық айықтыру орталығына жеткізілсе, 87 адам алкагольді сусын ішкені үшін жауапқа тартылды.

12 адам әртүрлі ұсақ қылмыс жасағаны үшін және 18 кәмелетке толмаған жас түнгі уақытта үйінде болмағаны үшін ұсталды.

Айтпақшы, ол маңда жол ережесін бұзу да жиі кездесетіні жасырын емес, Жаяулар жолағынан басқа жермен жол қиып өтетіндер көп-ақ. Тәртіп сақшылары ұсынған мәліметке сенсек, 28 жаяу адам мен 39 көлік жүргізушісі ереже бұзған.

– 10 шілдеден бері учаскелік полиция инспекторларымен бірге қалалық полиция басқармасының кезекші батальоны 300-дей тәртіп бұзу оқиғасын анықтады. Соның ішінде ерекше атап өтері «Ernat» маркалы 60 мың теңгелік велосипедтің жоғалуы болып тұр, – дейді мекеме бастығы Дәуір Ибраев.

Оның айтуынша, «Самал» саябағында полицейлер екі ауысымда кезекшілік етеді.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив