Өскеменде маскүнемдерге орын жетпей жатыр
Өскемендегі айықтыру бекетіне 13 мыңдай маскүнем жеткізілсе, солардың жеті мыңдайына ешқандай шара істелмей, кері қайтарылған екен. Бұл – полицейлердің жыл басынан бері қарайғы мәліметі, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
– Қалада бір ғана айықтыру орталығы бар. Аблакетка кентінде. Өкінішке қарай онда жатқызатын орын жеткіліксіз, – деген қалалық полиция басқармасының бастығы Дәуір Ибраев орталыққа апарған мас адамдардың жартысы кері қайтарылатынын айтады.
Одан кейін маскүнемдер қайтадан көше кезіп кетеді екен.
Оқи отырыңыз