Қоғамдық орында жасөспірім қыздың телефонын ұрлап кетті – Өскемен
18 сәуірде «102» арнасына ШҚО-ның 36 жастағы тұрғынынан қоңырау келіп түсті, ол өзінің 13 жасар қызынның қоғамдық орында орындықта жатқан «Samsung galaxy» маркалы ұялы телефонын белгісіз біреудің жасырын ұрлап кеткенін хабарлады.
- Өскемен қ. ПБ ЖБО және «Сергек» АБК бейнебақылау инспекторларының көмегімен «Қыран-6» ПА наряды 57 жастағы ер адамды ұстап, полиция бөліміне жеткізген. Телефон заттай дәлел ретінде тәркіленді, - деп хабарлайды Өскемен қалалық Полиция Басқармасы.
Қазіргі таңда 57 жастағы ер адамға қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.