Өскеменде көлікті ағаш басып қалды
Өскеменде тағы бір темір тұлпарды ағаш басып қалды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Оқиға 14 шілдеде Шәкәрім көшесі, 91 мекен-жайы бойынша 16-шы мектептің маңында болған. Зардап шеккендер жоқ. Алайда қала тұрғындары қураған теректердің кесілмейтініне наразы.
– Біз Шәкәрім көшесіндегі 93-үйде тұрамыз. Ауламызда қисайған кәрі теректер көп, тіпті, мәшинені қоярға жер таппай қалатынымыз бар. Баламызды далаға жіберуге қорқатын болдық. Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық жүргізуші мекемесіне жүгінгенбіз. Бірақ олар өз ақшаларыңа кесіңдер деп отыр, – дейді Оксана Ушакова
Естеріңізге сала кетсек, дәл осындай жағдай маусымның 15-і күні Аблакетка ауданында болғанын жазған едік.
Аталған мәселе Шәкәрім көшесінде ғана емес, қаладағы бірнеше ауданда кездеседі екен. Мәселен, Михаэлиса көшесі, 8/1 және 8/2 мекен-жайында ауладағы кәрі ағаштар бірнеше рет құлаған.