6-8 шілде аралығына арналған ауа райы болжамы
6-8 шілде аралығында ШҚО аумағында кей жерлерде найзағай ойнап, жаңбыр жауады, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Алдағы үш күндегі ауа райына Ресейдің Еуропалық бөлігінің солтүстік аудандары және Батыс Сібір арқылы өтетін циклондар әсер етеді екен.
6 шілде күні көшпелі бұлт жүріп, кей жерлерде жаңбыр жаууы мүмкін. Сынап бағаны күндіз +28...30 ºС көрсетсе, түнгі уақытта +13...15 ºС болмақ.
7 шілдеде күн ысып, ауа температурасы күндіз +30...32 ºС дейін көтеріледі, түнде +16...18 ºС болады. Ал
8 шілдеде сынап бағаны күндізгі уақытта +28-30 ºС, түнде +17...19 ºС көрсетеді.