KZ
Өскемен
-7°
туман жел 1 м/с, С
479.23 534.96 5.16

Тұрмыстық химиядан сақ болыңыз. ШҚО-да соңғы 11 жылда 235 бүлдіршін

1.07.2019, 05:17 120

Соңғы 11 жылда химиялық заттарды ішіп қоюы салдарынан өңеш күйігін алған 235 бүлдіршін Өскемендегі «Ана мен бала» орталығында емделіп шыққан. Бұл жөнінде аталмыш медициналық мекеменің хирург дәрігері Динара Жұманова хабарлады.

– Өңештің химиялық күйігі балалардың өңеш аурулары арасында бірінші орынды иеленеді. Өйткені балалардың табиғи қызығушылығы басым. Олардың барлық заттардың «дәмін татып көруге» ұмтылуы және сырты жылтыраған нәрселерді ұстап көруі химикаттардан күйік алуға әкеп соғады. Қажетті дәрі-дәрмектер көлемі мен емдеу әдістерінің көбеуіне қарамастан өңеш күйігінен кейін туындайтын асқынулар саны 30%-ды құрайды. Тұрмыстық химияның жаңа түрлері пайда болған сайын өңеш жарақаттарының түрлері де ұлғаюда. Бұл ауру қарқынының өскенін байқатады, – деді Динара Құдайбергенқызы.

2007-2018 жылдар аралығында Өскемен қаласының Ана мен бала орталығында өңештің химиялық күйігін алған 235 бала емделді.

– Дәрігер көмегіне жүгінген балалардың 60 пайызы, яғни 140 бала 1-3 жастағы бүлдіршіндер болса, 70 бала 3-7 жас аралығындағылар ( 30% ), ал 25-і (10%) 7-15 жас аралығындағы жасөспірімдер. Өңеш күйігін алғандардың 39 пайызы ұлдар болса, 61 пайызын қыз балалар құраған. Балалардың өңештің химиялық күйігін алудағы негізгі себеп ата-аналардың тұрмыстық химияны сақтауға немқұрайлылық танытуы болып табылады. Өкінішке қарай, мұндай немқұрайлылық  баланың мүгедек болып қалуына, кейде мерт болуына әкеп соғады, - деп қосты Динара Жұманова.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив