KZ
Өскемен
-3°
пасмурно жел 1 м/с, С
530.12 546.08 5.17

Қазақстанда жолдар «резеңкеден» жасалатын болды

30.06.2019, 07:01 99

«Қазақстан жол ғылыми зерттеу институты» резеңке-асфальтбетон қоспасын тәжірибеден өткізіп, бұл әдістің артықшылықтарын атады. Енді болашақта жолдарды жөндеуде ескі автокөлік шиналарын пайдалана бастайды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Мұндай «резеңкелі» жолдар Алматы және Ақмола облыстарында, сондай-ақ, Алматы, Нұр-Сұлтан қалаларында салынып қойды. Мамандар резеңке мен бетонның қопасы басқа жол материалдарымен салыстырғанда анағұрлым берік болатынын анықтап отыр.

+60 градус ыстық пен -0 градус аязда резеңке-бетоннан жасалған жол жабындысы жарылмайды екен. Сондай-ақ, көліктердің артық жылдамдығын да тежей алады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу