KZ
Өскемен
-4°
облачно с прояснениями жел 2 м/с, В
530.12 546.08 5.17

Өскемендегі полиция машинасынан мерт болған зейнеткердің қызының айтары бар

28.06.2019, 10:41 132

Ажалы өзгеден келсе де, өзі кінәлі болып шыққан зейнеткердің қызы полиция қызметкерлеріне наразы, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Естеріңізге сала кетсек, ақпан айында 90 жастағы зейнеткерді полиция қызметкері қағып кеткенін жазған болатынбыз. Төмендегі бейнежазбаға назар аударсаңыздар зейнеткер жасыл жанғанда жолға шыққан, бірақ арғы бетке жетіп үлгермей қызыл жанған. Осы уақытта полиция мәшинесі әжейді қағып кеткен болатын.

Тергеу амалдарының қорытындысы бойынша зейнеткер жол жүру ережесін бұзған. Егер үлгермесе, екі жолақты бөліп тұрған бос жерге тұруы тиіс болатын деп жауап қатқан полицейлердің шешіміне қызы келіспейді.

Анна Воронцованың қызы Наталья Власенконың айтуынша тергеу амалдары бірнеше айға созылған. Қайғылы оқиға 5 ақпанда болса, тергеуші материалдарды прокуратураға 10 мамырда ғана өткізгенін айтқан. Бірақ прокуратурада бірде бір қағаз болмай шыққан. Араға бір ай салып, маусымда адвокаттың араласуымен прокуратурадан жауап алу мүмкіндігі туған. Прокурордың мәлімдеуінше зейнеткердің өзі кінәлі, жүргінші жолынан 70 см шет жүрген деген екен. Ал экспертизаны қақаған қыста емес, жазда жүргізген.Уақытша қамау изоляторында УАЗиктің жүргізушісі отырмаған. Тергеуші тіпті сол полицейдің әлі қызметте ме деген сұрағына да жауап қатпаған көрінеді.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу