ШҚО азаматы жол ақысын төлемей, жүргізушіге пышақ кезенген
Семейде такси шақырған жігіт жол ақысын төлеуден бас тартып, таксистке пышақ кезеген, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
8 маусым күні сағат 23:00 шамасында Семейдегі полиция бөлімшесіне таксисттен шағым түскен.
– Полиция қызметкерлері 27 жастағы ішімдік ішіп алып, ас үй пышағымен таксистті қорқытпақ болған жолаушыны қолға түсірді, – дейді ШҚО полиция басқармасының баспасөз қызметі.
Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары басталды.
Оқи отырыңыз