Арыстағы жарылыс: ШҚО тұрғындары үшін жедел байланыс іске қосылды
Түркістан облысы Арыс қаласындағы жарылысқа байланысты Шығыс Қазақстанда жедел байланыс жүйесі іске қосылды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
№44859 әскери бөлімшесінде болған жарылыста жарақат алған адамдардың бар-жоғы белгісіз.
– Арыс қаласындағы бөлімшеде республиканың түкпір-түкпірінен қызметкерлер келіп жұмыс істейді. Сондықтан да осы жедел байланыс арқылы олардың хәлін туыстары хабарласып біле алады, – деді облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметкері Анастасия Скляр.
Байланыс нөмірі: 8 (7232) 55-38-19.
Айта кетейік, дәл қазір Арыс қаласының халқы түгелдей эвакуацияланып, арнайы құрылған лагерлер мен бекеттерге жеткізіліп жатыр. Бұл туралы Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев айтты.