KZ
Өскемен
+2°
пасмурно жел 4 м/с, Ю
495.2 522.34 4.94

ШҚО-да журналистер бір күндік жалақыларын аударды

25.06.2019, 11:52 256

  «Шығыс ақпарат»  медихолдингінің ұжымы Арыс қаласындағы жарылыстан зардап шеккендерге қаржылай көмек көрсету туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Медиахолдингтің 200-ден астам қызметкері апатқа ұшырап жатқан Арыс тұрғындарына бір күндік еңбекақыларын бір кісідей аударатын болды.

Еске салсақ, Арыс қаласындағы әскери бөлімнің қоймасында кеше таңертең жарылыс болғандығы туралы хабарлаған болатынбыз. Жарылыстан екі адам мерт болды. 

 Облысымызда Арыс қаласының тұрғындарына көмек көрсету мақсатында арнайы жұмыс штабы құрылды. Оны облыс əкімі Даниал Ахметов басқарады. Бұл туралы бүгін аймақ басшысының қатысуымен өткен арнайы брифинг барысында айтылған болатын.

 Сонымен қатар Шығыс Қазақстан облысы дәл қазіргі уақытта мемлекеттік қоныс аудару бағдарламасы бойынша Арыс қаласынан  ШҚО-ға 1000 адамды көшіріп алуға  дайын екендігін мәлімдеді.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу