Қазақстанда жеміс-жидек пен көкөністің бағасы арзандауы мүмкін
Алдағы уақытта жеміс-жидек пен көкөніс өнімдерінің бағасы арзандауы мүмкін. Еліміздің әр облысында көтерме-бөлу орталықтары салынбақ, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі Sputnik Қазақстан сайтына сілтеме жасап.
Аталмыш орталықтар жеміс-жидек пен көкөністі тікелей ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерден төмен бағамен сатып алуға мүмкіндік береді. Бұл туралы ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов мәлімдеп отыр.
Министрдің айтуынша, көтерме-бөлу орталықтарының құрылысы бірқатар облыстарда қарқынды жүріп жатыр екен.