KZ
Өскемен
-3°
туман жел 1 м/с, С
485.04 525.98 5.04

Өскеменде той жасағалы жатқандарды алдап жүрген алаяқ ұсталды

19.06.2019, 09:34 171

Өскемен тұрғыны қызын ұзатамын деп, ақшасынан айырылып қалды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Қызын ұзатпақ болған ана, өзі дұрыс танымайтын жігіттің құр уәдесіне сеніп, 167 мың теңгені қолына ұстатқан екен. Алаяқ ақшаны мейрамхана жалдау үшін керек деген сылтаумен алып кеткен. Алайда, сөзі тұрмақ өзі де жалған жігіт ұшты күйлі жоқ болып кеткен. Оқиға сәуір айында болған, бірақ қала тұрғыны тек 15-ші маусым күні шағымданған. Өйткені, алаяқтың жасаған қателігін түсініп келерін күткен. Полиция қызметкерлері іздеу жұмыстарын жүргізіп, күдіктіні тапты. Оңай ақша тапқысы келген алаяқ, 28 жасар бұрын сотты болған қала тұрғыны болып шықты.

- Аталған факт бойынша 190-шы бабтың 1-бөлімі бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары басталды. Алаяқ өзі ұрлаған 167 мыңның орнына 2 млн теңге қайтаруы мүмкін – дейді Өскемен қаласы ІІБ-ның баспасөз қызметі.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив