KZ
Өскемен
+26°
небольшой дождь жел 6 м/с, В
476.27 515.47 5.41

"Алтай" көш басындағы орнын нықтай түсті

22.04.2019, 08:47 350

«Алтай» жеңісті жолын жалғастыруда. Футболдан бірінші лига командалары арасындағы ел чемпионатының үшінші турында өз алаңында Түркістанның «Мақтаарал» командасын қабылдаған семейлік ұжым қарсыласынан 2:1 есебімен басым түсіп, жеңіс сериясын үш ойынға дейін ұзартты, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Өскеменнің «Восток» стадионында өткен матчтағы есепті алаң иелері ашты. Кездесудің жетінші минутында шабуылшы Вячеслав Сердюков көзге түсті. Дегенмен араға сегіз минут салып қонақтар Евгений Левиннің күшімен есепті теңестіріп кетті. Бұл доп пенальтиден соғылғанын айту керек.

Алайда, ойында едәуір басымдыққа ие болған алтайлықтар дегеніне жетпей қоймады. Матчтың 63-ші минутында команданың былтырғы біріншіліктегі үздік шабуылшысы атанған Дәурен Қайқыбасов гол соғып, «Алтайға» маңызды үш ұпай сыйлады.

Айта кетейік, бұған дейін семейлік және түркістандық командалардың қоржынында алты ұпайдан бар болатын. Бірақ бұл ойыннан кейін тағы үш ұпай иеленген алтайлықтар қарсыластарынан ұзап қана қоймай, өзінің көш басындағы орнын нықтай түсті. Қазір «Алтай» шымкенттік «Академия Оңтүстік» командасымен бірге турнирлік кестенің алдыңғы екі орнында тұр.

Келесі кездесуін жерлестеріміз 28 сәуір, жексенбі күні Ақтау қаласында жергілікті «Каспиймен» өткізеді.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив