Өскеменде 66 жастағы ер адамға жай түсіп қаза тапты
Ер адамның мәйіті Үлбі өзенінің бойынан табылған. Бұл туралы ШҚО ПД баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
14 маусымда 102 жедел арнасына Үлбі өзенінің бойында ер адамның қимылсыз жатқаны туралы хабар түскен. Оқиға орнына жеткен полиция қызметкерлері 66 жастағы ер адамның қаза болғанын және аты-жөнін анықтайды. Мәйітте зорлық белгілерінің іздері табылмаған.
Сотқа дейінгі тергеу амалдарының аясында өлімнің себебін анықтау үшін сот-медициналық сараптама тағайындалды.
Алдын-ала мәлімет бойынша, ол жай түсіп қаза болған.
Оқи отырыңыз