KZ
Өскемен
+21°
пасмурно жел 3,5 м/с, З
481.84 531.33 5.07

ШҚО әкімдігінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы жаңа жоба қолға алынды

19.09.2019, 18:35 139

Облыстық әкімдіктің жанында сыбайлас жемқорлық жағдайына тап болған азаматтарға арналған орган пайда болды. Жаңа жоба республика көлемінде жүзеге асырылуда, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

«Шығыс - Адалдық алаңы» деп аталатын бұл жобалық кеңсе шенеуніктерді адалдыққа, ал халықты жемқорлыққа қарсы күресуге үйретеді.

Атқарылған жұмыстар бойынша бүгін облыстық әкімдікте аймақ басшысы Даниал Ахметовтың қатысуымен жиын өтті.

- Жыл басынан бері біз 134 ұсыныс жасадық, оның 117-сі қаралды. 120 лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылды, - деп мәлімдеді ШҚО бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің басшысы Ерлан Жалмағамбетов жиын барысында.

Департаменттің мәліметі бойынша, 2019 жылдың басынан бері облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтері 136 қылмысты тіркеген. Оның ішінде 80 пайызы сыбайлас жемқорлыққа қатысты. Жиі жасалатын қылмыс түрі – пара алу және қаржы жымқыру.

Айта кетсек, мемлекеттік қызмет көрсету барысында пара беруге мәжбүрлеу, әкімшілік кедергілер мен бюрократия жағдайлары орын алса, келесі телефон номерлері арқылы шағым түсіруге болады: 8 (7232) 71 33 05 және 8 (7232) 71 33 04; Whatsapp номері: 8 705 529 60 40 және 8 777 857 61 65. Сондай-ақ, «Шығыс Адалдық алаңының» Facebook әлеуметтік желісіндегі ресми парақшасы арқылы да хабар беруге болады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив