Семейде он күн бұрын жоғалып кеткен әйелдің денесі табылды
Нина Урумбегликоваға волонтерлар тобы осыдан он күндей бұрын іздеу салған болатын. Бүгін таңертең әлеуметтік желіде волонтерлар әйелдің өлі табылғаны туралы ақпарат жариялады, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Айта кетсек, Нина Урумбегликова 29 мамыр күні түнгі сағат 03.00 кезінде итімен бірге үйден шығып, белгісіз бағытта кеткен.
Анықталғандай, жоғалған әйелдің денесін Батпай орманшылығының аумағынан орманшылар тауып алған екен. Оның қандай жағдайда қаза болғаны әлі анықталуда.