Семейде бір ай бұрын жоғалып кеткен әйелдің мәйіті табылды
Семейде бір ай бұрын жоғалып кеткен 50 жастағы әйелдің іздестіріліп жатқаны туралы жазған едік. Бүгін оның мәйіті табылғаны туралы ақпарат пайда болды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Volontery_semey_LIDER.KZ ақпараты бойынша, 50 жастағы Жұлдыз Жоламанова 9 қазанда контрольный кентіндегі үйінен шығып, із-түссіз жоғалып кеткен.
Бүгін оның өлі табылғаны туралы ақпарат таралды. Әйелдің денесін туыстары тауып алыпты. Алдын ала мәлімет бойынша, Жұлдыз Қуанышева өз-өзіне қол салған.
Оқи отырыңыз