Қатты жауын Семейдегі кәріз жүйелерінің әбден ескіргенін дәлелдеп берді
Семейдегі нөсер суын, ағызатын кәріз жүйелері бақылауға алынды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Толассыз жауған жауын-шашын, Семейдегі шешілмеген бірқатар мәселелердің басын ашты. Солардың бірі, жаңбыр суын ағызып үлгермейтін әбден ескірген кәріз жүйелері.
-Тұрғын үйлерді салу кезінде, су ағызу жүйелеріне аса мән берілмегендіктен осындай мәселеге тап болып отырмыз. Архитекторлардың басым көпшілігі құмды топыраққа сенген сияқты. Былтыр бюджеттен 96 млн қаражат бөлініп, Найманбаев, Қабанбай батыр, Рысқұлов көшелері жөндеуден өткен. Ал, осы жылы 200 млн теңге бөлінеді – дейді Жолаушылар көлігі және автокөлік жолдары бөлімі жетекшісінің міндетін атқарушы Нұрлан Серғазинов.
Айта кетсек, су ағызу кәріздерін жөндеу жұмыстары Шымкент, Қайым Мухамедханов, Бозтаев, Сыбанов, Әуезов, Глинка көшелерінде жүргізілетін болады.
Қаланың 26 учаскесінде кәріз жүйелері орнатылып, жаңартылады.