KZ
Өскемен
-7°
небольшая облачность жел 2 м/с, С
498.34 519.72 4.85

Аттракциондарды бақылау жергілікті органдарға тапсырылды

4.06.2019, 07:49 210

Енді аттракциондардың қауіпсіздігіне қатаң бақылау жүргізіледі,  деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Естеріңізде болса, өткен жолы «Аттракциондардың қауіпсіздігін тексеру ешкімнің құзырында емес» деп жазған едік. «Жуықта осыған байланысты Төтенше жағдайлар комитетінің төрағасы Владимир Беккер осы жағдайды реттеп, аттракциондарды бір мекеменің қарауына беру керегін ұсынды», – деген болатын облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметкері Анастасия Скляр.

Иә, енді аттракциондарға қатаң бақылау жүргізе алатын болды. Оның ішінде үрлемелі батуттардың пайдаланылуын тексеру жергілікті атқарушы органдарға жүктеледі. Бұл туралы ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің төрағасы Владимир Беккер үкімет отырысында  мәлімдеді.

Арнайы ережені бекіту индустриалды даму министрлігіне тапсырылды, бұған қоса төтенше жағдайлар комитеті да өз ұсыныстарын дайындады. "Атамекен" ұлттық кәсіпкерлер палатасына өздерінің аумақтық бөлімшелерімен бірігіп тиісті жұмыстарды осы апта ішінде жүргізу тапсырылды.

Айта кетсек, осыған дейін  ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің төрағасы Владимир Беккер үрлемелі батуттарды пайдалануға полиция тыйым сала алмайтынын, оған заңды түрде құзыреттерінің жоқ екендігін айтқан болатын. Жыл басынан бастап, осы бір батуттың кесірінен бірнеше балдырған емханаға жатқызылды. Қарағандыда 12 жасар бала көз жұмғаны мәлім.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу