KZ
Өскемен
-14°
облачно с прояснениями Штиль
512.83 600.58 6.36

Ертең ШҚО-ның аудандарында бұршақ жауады. Өскеменде +28 градус

29.05.2019, 10:55 324

30 мамыр күні Шығыс Қазақстанда ауа райы бұзылады, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

– Аптаның бейсенбісінде күндіз облыстың кейбір аудандарында күн күркіреп, бұршақ жаууы мүмкін. Сондай-ақ желдің екпіні секундына 15-20 метрге дейін күшейеді, – деп мәлімдеді ШҚО ТЖД Қазгидрометке сілтеме жасай отырып.

Ал Өскеменде 30 мамырда күн күркіреп, жаңбыр жауады деп болжануда. Алайда ауа температурасы төмендемейді. Сынап бағанасы күндіз 26-28 градус, түнде 9-11 градус нөлден жоғары.

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу