KZ
Өскемен
+7°
ясно жел 1 м/с, С
481.84 531.33 5.07

Тегін дәрі-дәрмектің тізіміне С гепатитін емдейтін жаңа препараттар енгізіледі

14.05.2018, 07:17 170

Осы жылы тегін дәрімен қамтамасыз ету тізіміне С вирусының гепатитін емдеуге арналған екі жаңа препарат енгізіліп отыр: Софосбувир және Даклатасвир.


ШҚО Денсаулық сақтау басқармасының ақпаратына сүйенсек, созылмалы С гепатитін емдеу  ұзақ жылдар бойы аса тиімді болмаған екен. Үйреншікті әдіс бойынша емдеуде қолданылатын интерферондар мен рибавирин науқастардың тек 50%-на ғана көмектесетін.  Аталған екі препараттың пайда болуымен ем шаралары 100%  оң нәтиже бере бастапты.


Софосбувир – бұл тікелей вирусқа қарсы әсері бар алғашқы препарат. Ол вирустардың көбею процессін тоқтатады. Ал Даклатасвир – тек С вирусты гепатитке қарсы дәрі. С гепатитін емдеудің халықаралық хаттамалары екі препаратты бірге қабылдау дұрыс деген шешімге келген.


Сондай-ақ, Денсаулық сақтау министрлігі осы жылдың басында Қазақстанға гепатитке қарсы алты түрлі препарат сатып алынатыны туралы хабарлаған болатын. Бұл мақсатқа 2,7 млрд теңге жұмсалмақ.  Нақтырақ айтқанда, вирустық гепатитті емдеу үшін бес препарат және В вирустық гепатитіне қарсы вакцина Бірыңғай дистрибьютордың жүйесі арқылы сатып алынады. Балаларды ерте жастан  В вирустық гепатитке қарсы вакцинациялау ұлттық егу күнтізбесіне енгізіліп отыр.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив