Өскеменде қала әкімінің кубогы үшін жарыс басталды
Өскеменде волейбол қала әкімінің жүлдесі үшін жарыс басталды. Қыздар командалары арасындағы додаға облысымыздың аудан-қалаларынан келген 15 ұжым қатысуда, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Спорттық шараның тұсаукесер рәсімінде қала әкімі Жақсылық Омар сөз сөйлеп, жас волейболшыларды доданың басталуымен құттықтады.
Айта кетейік, биылғы жарыста 2004-2005 жылдары туған ойыншылардан құралған алты және 2006-2007 жылғы спортшылармен жасақталған тоғыз команда сынға түсуде.
Тағы бір айта кетер жайт, турнирдің ашылу салтанатына құрметті қонақтар ретінде өскемендік «Алтай» волейбол клубының ойыншылары Әлия Садықова мен Зарина Сейітқазинова қатысты.