KZ
Өскемен
-7°
переменная облачность жел 2 м/с, СШ
529.7 545.96 5.17

Зайсан көлінде браконьерлер инспекторларға шабуыл жасады (ВИДЕО)

26.04.2019, 03:06 192

Көкпекті ауданы Тассай ауылының тұрғындары инспекторларға шабуыл жасады, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Оқиға 23 сәуір күні 18:30 шамасында болған. Бұны Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті хабарлады.

– Балықтың уылдырық шашатын мезгіліне орай ауданның екі инспекторы Зайсан көлі мен Базар өзеніне рейд жүргізген. Осы кезде бес қайыққа мінген оншақты адам оларға шабуыл жасаған. Боқ ауыз сөз айтып, ескекпен соққы жасап, тіпті таран қылып, қайықты аударып тастауға да күш салған. Шабуыл жасағандар Тассай ауылының адамдары, – деді комитеттің баспасөз қызметкері Сәкен Ділдахмет.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу