KZ
Өскемен
-2°
туман жел 1 м/с, В
485.04 525.98 5.04

Өскемендіктерді кинодағыдай алдап келген өзбек азаматы ұсталды

25.04.2019, 08:58 115

Өскеменде алаяқтықпен айналысқан өзбек азаматы ұсталды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

 

Қала тұрғындарын «шебер қойылыммен» құм қаптырып келген 55 жастағы өзбек қамауда.

 

Іс былайша өрбіген: Шетел азаматы алдын ала жалған ақша дайындап алады. Көшеде кезіккен қала тұрғындарына келіп, «ақша жоғалтып алмадыңдар ма?» деп ұсынады екен. Олар «жоқ» десе болды, «ендеше екеуара бөлісіп алайық» деген ұсыныс айтады алаяқ. Оңаша жаққа шыға бере, ақшаның «өз иесі» келіп қалып, жанжал шығара бастайды. Сол сәтте «мен өзім сөйлесемін, ақшаны алып арырақ бара тұр, тек кепілдікке бір затыңды қалдырып кет» дейтін көрінеді, сабазың. Осы сөзге сеніп, алаяққа алқа-сырғасын ұстатып кеткен әйелдер баршылық болып шықты.

 

Қазіргі уақытта ҚР ҚК 190 бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив